Бұл мәлімдеме АҚШ-тың Киевпен барлау мәліметтерімен алмасуын тоқтатқанын жариялағаннан кейін бір күн өткен соң жасалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
– Бізде украиналықтарға көмектесу үшін қолданатын барлау ресурсы бар. АҚШ бұл процесті тоқтатты. Ал британдық әріптестеріміз үшін жағдай күрделірек болуы мүмкін, – деді Лекорню France Inter радиосына берген сұхбатында.
Франция қорғаныс министрі сондай-ақ елдің ядролық арсеналының тәуелсіздігі мен сенімділігін атап өтті.
Оның айтуынша, Франция өзінің қырғи-қабақ соғыс кезінен бері дамып келе жатқан ядролық әлеуетіне сүйенеді және оны қажетті деңгейде ұстап отыр.