Францияның бірнеше қаласында студенттер мен оқушылар президенттік сайлаудың екінші турына өткен Эммануэль Макрон мен Марин Ле Пенге қарсы наразылық шеруіне шықты.
"Біз ең жақсысына лайықпыз" деп ұрандатқан жастар екі үміткерге де көңілі көншімейтінін жеткізді. Бейбіт басталған шараның соңы тәртіпсіздікке ұласып, полиция шерушілерге көз жасаурататын газ шашты. Әзірге жапа шеккендер туралы мәлімет жоқ.
Айта кетейік, өткен жексенбіде Францияда президент сайлауының бірінші туры өткен еді. 11 үміткер додаға түскен сайыста бұрынғы экономика министрі Эммануэль Макрон мен "Ұлттық майдан" партиясының жетекшісі Марин Ле Пен жеңіске жеткен. Бірақ сайыста ешбір кандидат 50 пайыз дауыс жинай алмағандықтан, 7 мамыр күні сайлаудың екінші кезеңі өтеді.