Франция Жерорта теңізінде Ресейдің танкерін ұстады

369

Зеленский бұл жаңалықты қуана қабылдады. 

Франция Жерорта теңізінде Ресейдің танкерін ұстады Фото: Эммануэль Макрон / Х

Франция президенті Эммануэль Макрон француз әскери-теңіз күштері Жерорта теңізінде ресейлік танкерді ұстағанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BBC агенттігіне сілтеме жасап. 

Grinch атты танкер санкцияларды айналып өтіп, мұнай тасымалымен айналысатын "көлеңкелі флотқа" қатысы бар деген күдікке ілінген.

"Бүгін таңертең француз әскери-теңіз күштері Ресейден шыққан, халықаралық санкцияларға ілінген, жалған ту ілді деген күдікке ілінген мұнай танкерін ұстады", – деп жазды Макрон X әлеуметтік желісінде.

Франция басшысының айтуынша, бірнеше одақтас ел тиісті операцияны жүргізуге қолдау білдірді. Мұнай танкері Жерорта теңізінің батыс бөлігінде, Испанияның оңтүстік жағалауы мен Марокконың солтүстік аймағының арасында өткен. Эммануэль Макрон көлеңкелі флот Украинаға қарсы соғысты қаржыландыруға көмектесіп отыр деген пікірде.

Ұлыбританияның қорғаныс министрі Джон Хилидің сөзінше, британиялық әскери күштер француз тарапына танкердің қозғалысын бақылауға көмек көрсеткен.

"Ұлыбритания Grinch танкері бойынша француздардың операциясын қолдағанын растаймын. Біз бақылау мен мониторинг жүргіздік. Ұлыбритания әскери-теңіз флотының HMS Dagger кемесі танкердің Гибралтар бұғазы арқылы қозғалысын бақылады", – деді Хили.

Украина президенті Владимир Зеленский кеменің ұсталғаны туралы ақпаратқа әлеуметтік желісіндегі парақшасында пікір білдірді. Ол Франция президенті Эммануэль Макронға алғыс айтып, Ресейдің "көлеңкелі флотына" қарсы қатаң санкциялар енгізуге шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу