Францияда 14,5 мың мемқызметші қысқартылмақ

835

Эмманюэль Макрон өзінің сайлау науқаны барысында, 5 жылдық президенттік мерзім ішінде 50 мың мемқызметші қысқаратыны туралы мәлімдеген еді.

Францияда 14,5 мың мемқызметші қысқартылмақ

Франция үкіметі мемлекеттік қызметшілер аппаратына ауқымды оңтайландыру жүргізбек. Соның аясында таяу екі жылдың ішінде  14,5 мың жұмыс орнын қысқарту жоспарлануда. Бұл туралы республиканың премьер-министрі Эдуар Филипп Le Journal du Dimanche басылымына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"2019 жылы біз шамамен 4,5 мың жұмыс орнын қысқартуды қарастырудамыз. Ал 2020 жылы бұл цифр  10 мыңнан асады", -деді премьер.

Филиптің атап өтуінше, оның үкіметі президент Эмманюэль Макронның сайлау алдында берген уәдесінің бірін осылайша орындамақ.

Эмманюэль Макрон өзінің сайлау науқаны барысында 5 жылдық президенттік мерзім ішінде (2017 жылдан бастап 2022 жылға дейін) мемлекеттік аппарат құрылымын оңтайландыра отырып, жалпы алғанда 50 мың мемлекеттік қызметшіні қысқарту ниеті туралы мәлімдеген болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу