Францияда 2,5 мың адам наразылық шеруіне шықты

582

Оған негізінен қоғамдық көлікте қызмет көрсететіндер мен әлеуметтік сала қызметкерлері қатысуда. Салдарынан қаладағы метролар жұмысын тоқтатты.

Францияда 2,5 мың адам наразылық шеруіне шықты

Парижде зейнетақы реформасына қарсы 2 мың 500 адам шеруге шықты. Олардың қатарында былтыр жыл бойы шулаған сары желетке киген топ та бар, деп хабарлайды Atameken Business шетелдік БАҚ-қа сілтемемен.

Демонстранттар Макроннан заңды қабылдамауды талап етуде. Бірақ Франция үкіметі әлеуметтік реформасынан бас тартпайды. Ал ашынған халық болса, билік райынан қайтпайынша, шеруді тоқтатпаймыз дейді.

Оған негізінен қоғамдық көлікте қызмет көрсететіндер мен әлеуметтік сала қызметкерлері қатысуда. Салдарынан қаладағы метролар жұмысын тоқтатты.

Үкімет 1975 жылға дейін туғандарға өзгерістің еш қатысы болмайтынын айтты. Сондай-ақ полицей, өрт сөндіруші сияқты мамандарға біраз жеңілдік қарастырды. Бірақ олар да 62 жаста зейнетке шығады. Ал толыққанды зейнетақыны алу үшін олар 2025 жылдан бастап, 64 жасқа дейін жұмыс істеуі керек.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу