Францияда 20 жылға сотталған отандасымыз ақталды

1117

Францияда 20 жылға сотталған Қазақстан азаматшасы София Боднарчук кінәсіз деп танылды.  

Францияда 20 жылға сотталған отандасымыз ақталды Фото: khabar24.kz

Осыдан 11 жыл бұрын Қарағанды тұрғыны София Боднарчук Франция Республикасына аттанып, сол елдің азаматына тұрмысқа шығады. Бірақ 2016 жылы оның жұбайы София мен екі жасар қызының көзінше өз ата-анасын атып өлтірген, деп хабарлайды inbusiness.kz "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Оқыс жағдайдан кейін Қазақстан азаматшасы бес жарым жылға жуық уақытын француз түрмесінде өткізді. Оған бұл істе сыбайлас болды деген айып тағылды. Сот процесінде күйеуінің туыстары жалдаған 6 адвокат София Боднарчукке қарсы сөз сөйледі.

Бұл ретте Софияға отандастары қолдау білдіріп отырған. Кейін бұл іске білгілі заңгер Эдуард Марсиал кірісті.

"Мен жалғыз қалдым. Не француз тілін, не бұл елдің заңдарын білмеймін. Дегенмен мені елшілік өкілдері қолдады. Бұрынғы елші Жан Ғалиев пен заң кеңесшісі Рүстем Өмірзақовқа алғысымды білдіремін. Қиын кезеңде олар маған қолдау көрсетті, сот процестерінде болды", - деді София Боднарчук.

Адвокат Эдуард Марсиалдің айтуынша, әділетсіз үкімнің басты себебі – өзгелердің немқұрайдылығы.

"Айыптаушы тарап оны сыбайлас ретінде қарастырып, айғақтарға сенімсіздік танытты. Олар София бай француздың мүлкін иемденбек болған деп ойлады. Осылайша, сот үкімімен 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл мен үшін күтпеген шешім болды. Мен қай жерде, қандай ағаттық жібергенімді түсінбедім", - деді адвокат.

Алайда, соңында іс София Боднарчуктың пайдасына шешілді. Енді Франция тарапы әділетсіз үкімнен келтірілген залалды өтеуі тиіс.

Айта кетсек, өзінің кінәсіздігін дәлелдеген София енді ата-ана құқығын қайтаруға ниетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу