Францияда 3 мыңдай турист қауіпсіз жерге көшірілді

641

Қауіпсіз жерге көшірілгендер арасында қазақстандықтардың бар-жоғы әзірге белгісіз.

Францияда 3 мыңдай турист қауіпсіз жерге көшірілді

Францияда қатты ыстықтан орман өртеніп, 3 мыңға жуық турист қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Atameken Business.

­­Өрт Аржелес-сюр-Мер комуннасынан шыққан. 19 метр жылдамдықпен соққан екпінді жел өртті өршітіп жіберген. Салдарынан сол маңда демалып жатқан адамдарға қауіп төнді.

Құтқару қызметі 3 кемпингтен 2,7 мың туристі эвакуациялап, уақытша гимназия ғимараттарына орналастырды. Тілсіз жаумен күресуге ондаған өрт сөндіруші, ұшақтар да жұмылдырылған.

Айта кетейік, "Кемпингтер астанасы" саналатын Аржелес-сюр-Мер комуннасында жыл сайын шамамен 150 мың адам демалады. Қауіпсіз жерге көшірілгендер арасында қазақстандықтардың бар-жоғы әзірге белгісіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу