Францияда 6 жылда банкроттыққа ұшыраған кәсіпорындар саны рекордтық деңгейге жетті

395

Бұл туралы Франция Банкінің жұмада жарияланған есебінде айтылған.  

Францияда 6 жылда банкроттыққа ұшыраған кәсіпорындар саны рекордтық деңгейге жетті Фото: pinchprofit.com

Францияда 2023 жылы жабылған кәсіпорындардың саны 2017 жылдан бері есептегенде рекордтық көрсеткішке жетіп, 55,5 мыңды құрап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ria.ru порталына сілтеме жасап.

“55 492 кәсіпорын 2023 жылы банкроттыққа ұшырады”, - делінген банктің хабарламасында.

Ақпаратқа сәйкес, оған бағаның айтарлықтай өсуі, әсіресе энергетика, пайыздық мөлшерлемелердің ұлғаюы ықпал еткен. Өз кезегінде бұл кәсіпорындарды қаржыландыру құнын арттырды.

Банкроттықтың 43%-ы сауда және құрылыс компанияларына, оның ішінде дені шағын бизнеске тиесілі. Франция Банкі атап өткендей, былтыр көптеген ірі компаниялар жабылған. Бұл алдыңғы онжылдыққа қарағанда 72%-ға артық.

Банктің есебінде пандемия кезінде мемлекеттің қолдауының арқасында кәсіпорындардың жабылу саны азайғаны айтылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу