Францияда "Абай-Верн" бағдарламасымен тегін оқуға болады

672

Ұлттық банк бағамы бойынша ай сайын 800 евро, докторанттарға 1200 евро мөлшерінде стипендия төленеді.

Францияда "Абай-Верн" бағдарламасымен тегін оқуға болады Фото: lang.hse.ru

30-дан астам қазақстандық магистрант пен докторант "Абай-Верн" бағдарламасы бойынша Францияда тегін білім ала алады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

2023-2024 оқу жылында екінші курстың 30 магистранты және Қазақстан мен Франциядағы ғылыми жетекшілермен бірлесіп диссертация дайындайтын 5 докторант "Абай-Верн" стипендиясының иегері атана алады.

"Абай-Верн" стипендиясы магистранттар мен докторанттарға француз және ағылшын тілдерінде Франция университеттерінде оқу үшін беріледі. Үміткерлер кез-келген мамандық таңдай алады, сондай-ақ жас бойынша да ешқандай шектеу қойылмайды. Үміткерлердің француз жоғары оқу орнына немесе ғылыми-зерттеу орталығына магистратура мен докторантура бағдарламалары бойынша оқуға алдын ала қабылданғандығы туралы растау хаты болуы тиіс", – деді ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

"Абай-Верн" стипендиясын жеңіп алған магистранттарға Ұлттық банк бағамы бойынша ай сайын 800 евро, докторанттарға 1200 евро мөлшерінде стипендия төленеді. Сондай-ақ стипендиаттар Франциядағы университет жатақханасында орын алуға артықшылықты құқықтарға ие болып, ұзақ мерзімді студенттік виза және француздық әлеуметтік сақтандыру жүйесіне тегін тіркеле алады.

"Абай-Верн" академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша құжаттарды қабылдау 2023 жылдың 25 маусымына дейін жалғасады. Кандидаттарды іріктеуді франко-қазақстандық тәуелсіз комиссия жүргізеді. Байқау нәтижелері 2023 жылдың шілде айының ортасында Францияның Қазақстандағы Елшілігінің сайтында жарияланады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу