18 қазанда Францияда мыңдаған адам оқушының қолынан қаза тапқан Самюэль Пати есімді мұғалімді еске алу үшін митингке шықты. Еске сала кетсек, Пати сөз бостандығы туралы сабақ үстінде Мұхаммед пайғамбардың карикатурасын көрсеткені үшін Абдуллак А. есімді этникалық шешен оның басын шауып тастаған еді.
Халық Плас-де-ла-Републик алаңына шығып ұрандатқан. Премьер-министр Жан Кастектің әлеуметтік желіге жүктеген видеосында жиналғандардың үнсіздік минутынан кейін "Марсельеза"-ны айтқаны таспаланған. Бұл шараға премьермен қатар Париж мэрі Энн Идальго да қатысқан.
Мұндай митинг тек Парижде емес, сонымен қатар Лилль, Лион, Марсель, Бордо, Тулуза мен басқа да қалаларда өткен.
Еске сала кетсек, 16 қазанда Абдуллак А. Париж маңындағы Конфлан-Сент-Онорион қаласында оқытушының басын шауып алған еді. Ресми дерек бойынша, қастандық жасаған 18 жастағы Абдуллак А. есімді этникалық шешен болып шықты. Оның Мәскеуде туылғаны және Францияда босқын ретінде арнайы мәртебеге ие болғаны анықталды.
Ел президенті Эммануэль Макрон бұл оқиғаны лаңкестік деп таныды. Қазір осыған қатысты тергеу шаралары жүріп жатыр.
Табиғат Нұрболат