Францияда Air France қызметкерлері ереуілге шықты

585

Францияда Air France қызметкерлері ереуілге шықты

Францияда Air France әуе компаниясы қызметкерлері ереуілге шығып, ұшақтардың 30 пайызы рейстен қалды, деп хабарлайды 24.kz.

Ереуілшілер компания басшылығынан жалақының көлемін 6 пайызға көтеруді талап етіп отыр.

Акцияға ұшқыштармен қатар жерде қызмет көрсетуші бөлімдердің жұмысшылары да қатысты. Бірлестік еңбекақыны тек 1 пайызға көтеруге келіскен.

Бұл – Air France қызметкерлерінің ақпан айынан бергі бесінші ереуілі. Наразылықтың кесірінен компания күн сайын миллиондаған еуро шығынға батады. Қызметкерлер болса талаптары орындалмаса сәуір айында тағы бірнеше рет ереуілге шығатынын айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу