Францияда аптап ыстықтан екі адам көз жұмды

136

 Бұл туралы Францияның Экологиялық ауысу министрі Аньес Панье-Рюнаше айтты.

Францияда аптап ыстықтан екі адам көз жұмды Фото: Ведомости

Еуропа халқы аптап ыстықтан әбігерге түсті. Бірқатар елде мектептер уақытша жабылып, мемлекеттік нысандар жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ыстықтан денсаулығы нашарлап, соның салдарына тікелей байланысты екі өлім жағдайы тіркелді", – деді министр.

Оның айтуынша, тағы 300-ден астам адамға құтқарушылардың шұғыл көмегі қажет болған.

Министрдің мәлімдеуінше, биылғы маусым айы Францияда метеобақылау тарихындағы ең ыстық айлардың бірі болды – тек 2003 жылы орташа температура бұдан жоғары болған. Алдағы күндері елдің солтүстігі мен солтүстік-батысында ауа температурасы біртіндеп төмендейді деп болжанып отыр.

30 маусым күні Францияның Ұлттық метеорологиялық қызметі – Meteo France елдің Еуропалық бөлігіндегі 16 департаментте, соның ішінде Парижде де 1 шілдеде ауа райының ең жоғары қауіптілік деңгейін жариялады. Алдын ала мәлімет бойынша, кейбір елді мекендерде ауа температурасы 41 градусқа дейін жеткен, ал Парижде ең жоғары көрсеткіш – 39 градус.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу