Францияның солтүстігінде мигранттар лагерінде өрт шықты. Салдарынан 10 адам жараланған, деп хабарлайды 24.kz.
Оттың тұтануына мұнда тұратын мигранттар арасындағы төбелес себеп болған. Бір-біріне жұдырық ала жүгіргендерді ажырату үшін полицейлер резеңке оқ пен көзден жас ағызатын газ қолданған. Қақтығыс кезінде 5 адам жараланған.
Негізі бұл лагерде бір жарым мыңға жуық адам тұрып жатқан. Тілсіз жаудың кесірінен босқындар баспанасы толығымен дерлік өртенген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу