Францияда босқындарға арналған 12,5 мың жаңа орын ашылды

894

Францияда босқындарға арналған 12,5 мың жаңа орын ашылды

Франция үкіметі көші-қон мәселесін реттеу бойынша жоспар ұсынды. Соған сәйкес 2019 жылға дейін босқындарға арнап 12 жарым мың жаңа орын ашылады, деп жазады 24.kz

Премьер-министр сондай-ақ елден баспана сұрап келгендерді қабылдап, оларды жайғастырумен айналысатын мекемелерге қосымша қаржы бөлуге уәде берді. Үкімет басшысының айтуынша, мигрант интеграциясына қатысты саясат қайта қарастырылады. Осыған байланысты босқындарға француз тілін үйрететін сабақтар саны екі есеге көбейтілмек.

"Елімізден саяси баспана сұрап келгендердің 40%-ының тұратын жері жоқ. Жаңа орындар ашу шешімін қабылдауымыздың себебі де осы. Францияға келген азаматтарға адамгершілікпен қарап, барынша көмек көрсетуіміз керек. Сондай-ақ саяси баспана сұрау туралы өтінішті қарастыру мерзімін 14 айдан жарты жылға дейін қысқарту жоспарда бар", - дейді Франция премьер-министрі Эдуар Филипп.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу