Францияда дауыл салдарынан 450 мыңға жуық үй жарықсыз қалды

182

Мәселені шешу үшін 3 мың маман жұмылдырылған. 

Францияда дауыл салдарынан 450 мыңға жуық үй жарықсыз қалды Фото: ria.ru

Францияның оңтүстік-батысындағы дауылдан кейін 450 мыңға жуық үй жарықсыз қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Интерфакс" агенттігіне сілтеме жасап. 

Жұма күнгі таңертеңгі уақытқа дейін мамандар жарықсыз қалған 900 мың тұтынушының жартысына электр қуатын қайта қосқан. Бұл туралы электр энергиясын таратуға жауапты француздық Enedis компаниясы хабарлады. Компания өкілдері жарықпен қамту мәселесін шешу үшін 3 мың маман жұмылдырылғанын мәлімдеді. 

Жаңа Аквитания мен Окситания өңірлері ең қатты зардап шеккен. Францияның метеорологиялық қызметінің хабарлауынша, "Нильс" дауылы Корсикаға жетіп, біртіндеп әлсіреген. Жұмаға қараған түні желдің екпіні сағатына 170 шақырымға дейін жеткен. Ло, Гаронна, сондай-ақ Жиронда департаменттерінде су тасқыны қаупіне байланысты қызыл дабыл деңгейі жарияланды. Ал француз Альпілеріндегі төрт департаментте қар көшкіні қаупіне байланысты ескерту әлі өз күшінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу