Францияда дельфиндер жаппай қырылып жатыр

538

Кем дегенде 15 сүтқоректінің денесі табылды. 

Францияда дельфиндер жаппай қырылып жатыр Фото: КТК

Аптаның басында Атлант жағалауындағы жағажайлардан ондаған дельфин өлекселері табылды, деп жазады inbusiness.kz.

Экологтар дельфиндердің өзін-өзі жағаға лақтыруы ауа-райына, "балық аулау қарқынының артуына" байланысты деп топшылап отыр.

Иль-де-Ре жағажайларында соңғы үш күнде кем дегенде он бес сүтқоректі өзін өлімге қиған.

Арс-ан-Ре қаласы әкімінің бірінші орынбасары Этьен Кайо болған жағдайға қатысты өз өкінішін жасырмады.

"Бізді қоршаған экожүйенің айнымас бөлігі - дельфиндерге біз аса сүйіспеншілікпен қараймыз, сондықтан мұндай жағдай қабырғамызды қайыстырды. Олар біз үшін маңызды, әсіресе, оқиға бірнеше рет қайталанып жатқанда. Оның өлекселері бүкіл жағажайды жайлаған және құрбандар санының жылдан жылға артуы - бізді қатты алаңдатады", - деді ол.

Сейсенбіде Sea Shepherd экологиялық ұйымының белсенділері ЕО Францияны жаппай балық аулау (тексермей) әдісін тоқтатуға мәжбүр етеді деген үмітпен Страсбургтегі Еуропалық парламент ғимаратының алдына қансыраған дельфин мәйіттерін қойды.

"Біз Еуропарламентке келдік, өйткені бүгінде Франция мемлекеті әрекет етпей отыр, әлі күнге дейін дельфиндерді қорғаудың тиімді шаралары жоқ. Еуропалық комиссия Франциядан әрекет етуді сұрады, бірақ ештеңе жасалмады. Біз ұйымнан талапшыл болуды сұраймыз", - деп түсіндірді Фредерик Пиццоли, Sea Shepherd France миссиясының тең басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу