Францияның оңтүстігінде екі әскери тікұшақ апатқа ұшырап, 5 адам қаза тапты, деп хабарлайды 24.kz.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, оқиға Вар префектурасында болған.
Бұл әуе кемелері ұшқыштарды дайындайтын мекемеге тиесілі. Әзірге әуе апатының неден болғаны анықталған жоқ. Жандармерия тікұшақтар жаттығулар кезінде соқтығысып қалуы мүмкін дейді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу