Франциядағы "Flamanville 3" реакторы ұзаққа созылған құрылыс жұмыстарынан кейін сенбі күні іске қосылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Нормандиядағы "Flamanville 3" реакторы сенбі күні таңғы сағат 11:48-де үйлерге электр қуатын бере бастады. Ол Франциядағы 2 млн-нан астам үйді электр қуатымен қамтамасыз етуі тиіс.
Жобаның құны шамамен 13,2 млрд еуроға (13,76 млрд доллар) дейін көтерілген техникалық ақаулардың кесірінен оны іске асыру мерзімі жоспардан 12 жылға созылып кетті. Жобаның бастапқы бағасы 3,3 млрд евроны құраған.
"Бұл ел үшін ұлы сәт. Төмен көміртекті энергия үшін қайта индустрияландыру – бұл француз стиліндегі экология", – деп X президент Эммануэль Макрон жазба қалдырды.
Сондай-ақ, ол реакторды "әлемдегі ең қуаттылардың бірі" деп атады.