Францияда ерікті мобилизация жарияланды

92

Макрон Франция қарулы күштерін нығайту үшін жастар арасында еріктілер тартылатынын мәлімдеді. 

Францияда ерікті мобилизация жарияланды Фото: Пятый канал

Франция президенті Эммануэль Макрон елдің қарулы күштерін күшейту үшін жас еріктілерді жұмылдыру жобасын жариялады. Бұл туралы Le Monde газеті жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Макрон Ренна қаласы маңайындағы Сесон-Севиньеде әскерилер алдында сөз сөйледі. Ол елдің қорғаныс басымдықтарын қайта қарау қажеттігін айтты.  

"Біз еріктілерді оқытып, қажет кезде мобилизация жасауымыз қажет" , – деді Франция басшысы.

Франция 2030 жылға қарай 210 мың әскери қызметкер және 80 мың резервтегі әскерилерді жинауды жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу