Францияда Интерпол басшысының жоғалып кетуіне байланысты тергеу басталды

850

Францияда Интерпол басшысының жоғалып кетуіне байланысты тергеу басталды

Францияның құқық қорғау органдары Интерпол президенті Мэн Хунваяның жоғалуына байланысты тергеу жұмысын бастады, деп хабарлайды "Эроп-1" радиостанциясы. 
Оның мәліметі бойынша, Интерпол басшысы қыркүйек айының аяғында Франциядан Қытайға кеткеннен бері одан хабар жоқ. 
"Мэн Хунвэй 29 қыркүйек күні Франциядан Қытайға шыққан. Алайда ол кеткеннен бері оның қазір қайда екендігі жайлы еш мәлімет жоқ", - деп хабарлады "Эроп-1".
Тергеу Итерполдың штаб-пәтері орналасқан Лион қаласында тұратын интерпол басшысының әйелінен  оның жоғалғаны туралы хабарлағаннан кейін басталған.

Мэй Хунвэй Интерполды 2016 жылдың қарашасынан бері басқарып келеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу