Францияда қарулы адам қарттарға оқ атты

967

Францияда қарулы адам қарттарға оқ атты

Францияның Монферье-сюр-Ле қаласында пышақпен және шолақ мылтықпен қаруланған ер адам осындағы қарттар үйіне шабуыл жасады, деп хабарлайды дереккөзге сілтеме жасаған 24 Хабар.

Ақпаратқа сәйкес, ол ғимаратты қарауылдайтын күзетшінің аяқ-қолын байлап тастаған. Артынша қарттарды кепілге алған қаскүнемнің әрекетінен 2 адам қаза тапты. Жетпіс адамды кепілге алған ол, полиция қарттарды азат еткеннен кейін оқиға орнынан сытылып шығып, қашып кеткен.  Полиция бұл оқиғаны теракт ретінде қарастырмайтынын мәлімдеді. Бұл қарттар үйінде кезінде Африкадағы түрлі қайырымдылық миссияларында жұмыс істеген монарх зейнеткерлер тұрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу