Францияда кәсіподақтар зейнетақы реформасына қарсы келесі жалпыұлттық наразылықтардың күнін белгіледі

575

14 сәуірде кеңес елдегі наразылық тудырған үкіметтік заң жобасының тағдырын анықтауы керек. 

Францияда кәсіподақтар зейнетақы реформасына қарсы келесі жалпыұлттық наразылықтардың күнін белгіледі Фото: azattyq-ruhy.kz

Француз кәсіподақтарының жетекшілері елдің зейнетақы жүйесін реформалауға қарсы келесі жалпыұлттық наразылық акциясы Конституциялық Кеңестің шешімінен бір күн бұрын, 13 сәуір бейсенбіде болатынын мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

Жаппай наразылықтардың он бірінші күні - 6 сәуірде - полицияның мәліметінше, жарты миллионнан астам демонстрант биліктің зейнетақы саясатына қарсылық білдіріп, шеруге шықты. Кәсіподақтар наразылық білдірушілердің саны төрт есе көп екенін айтады.

Конституциялық Кеңестің шешіміне бір апта қалғанда кәсіподақтар мен Үкімет арасындағы келіссөздер тығырыққа тірелді.

Алдыңғы күндердегідей наразылықтар полициямен қақтығыссыз болған жоқ. Билік 111 тұтқын туралы хабарлайды, олардың жартысына жуығы Парижде. Франция ІІМ мәліметтері бойынша 150-ден астам полиция қызметкері зардап шекті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу