Францияда коменданттық сағат енгізіледі

960

Елге келгендер бір апталық карантинге жіберіледі.

Францияда коменданттық сағат енгізіледі Фото: rbc.ru

Францияда 16 қаңтарда 18.00-ден 6.00-ге дейін коменденттық сағат енгізіледі. Бұл туралы елдің премьер-министрі Жан Кастекс мәлімдеді. Бұған дейін коменданттық сағат 25 департаментте жарияланған болатын.

Шектеулер кем дегенде 15 күнге созылады. Жергілікті биліктің мұндай шара қабылдауына инфекция жұқтырғандар санының өсуі мен Ұлыбританияда табылған жаңа штамның таралуы себеп болды. 

18 қаңтардан бастап Францияға Шенген аймағына кірмейтін елдерден келгендердің барлығында коронавирус дертіне шалдықпағанын растайтын анықтама болуы шарт және олар бір аптадай карантинге жіберіліп, қайтадан тест тапсыруы керек.

Францияда Pfizer/BioNTech және Moderna компаниялары жасап шығарған препараттарды егу процесі басталды. Желтоқсан айының соңынан бері 140 мыңдай тұрғын егілген. 

Соңғы мәлімет бойынша, елде пандемия басталғалы вирус жұқтырғандардың саны үш миллионға жеткен. Осы күнге дейін шамамен 70 мың науқас қайтыс болды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу