Францияда коронавирустың бесінші толқыны жүріп жатыр

950

Франция билігі коронавирустың бесінші толқыны "қарқынды" басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz ВАК телеграм арнасына сілтеме жасап.

Францияда коронавирустың бесінші толқыны жүріп жатыр

Министрлер кабинетінің төрағасы Габриэль Атталдың айтуынша, бір апта ішінде коронавирус инфекциясын жұқтыру көрсеткіші 80%-ға өсті. Күн сайын орташа есеппен 17 мың Covid-19 жаңа жағдай тіркеледі. Апта басында 100 мың адамның 100-і індетпен тіркелсе, соңғы мәліметтерде 164 жағдай тіркелген.

Италияның фармацевтикалық реттеуші мекемесінің басшысы ел халқының вакцинаның үшінші дозасын қабылдауын жақтады.

Никола Магрини хабарлағандай, билік вакцинаның толық циклін алған мерзім мен үдеткіш дозасын қабылдау уақытын бес айға дейін қысқартуды қарастыруда. Қазіргі уақытта вакцинаның үшінші дозасын денсаулығы нашар адамдар және 60 жастан асқан тұрғындар ала алады.

Кипр президенті антиваксерлерге қатысты қатаң шаралар қабылдайтынын мәлімдеді. Никос Анастасиадис тұрғындардың иммундау курсын аяқтау үшін немесе вакцинаның бірінші компонентін қабылдау үшін екі-үш апталық кезең берілетінін атап өтті.

Өз сөзінде президент "бұл мүмкіндіктен кейін, әрине, шаралар күшейтіледі" деп хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу