Францияда коронавирустың жаңа түрі анықталды

773

Оның оның қауіптілігі не таралу жылдамдығына қатысты ешқандай мәлімет жарияланбады.

Францияда коронавирустың жаңа түрі анықталды

Францияның солтүстік-батысындағы Бретань аймағында коронавирустың жаңа түрі табылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы жергілікті денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. 

Вирусты анықтау қиынға соққан. Жұқтырған адамдарда "SARS-CoV-2"-ге тән белгілер болған, бірақ оны ПТР сынақтары анықтай алмаған. 

"13 наурызда коронавирус жұқтырудың 79 фактісі тіркелді, оның 8-і вирустың жаңа түріне шалдыққан", – деп жазылған ведомство мәлімдемесінде. 

Алдын ала мәлімет бойынша, мамандар оның оның қауіптілігі не таралу жылдамдығына қатысты ешқандай қорытынды жасамады. Қазір ғалымдар оған вакцина мен антидененің қалай әсер ететінін зерттеп жатыр. Франция билігі вирустың бұл түрі туралы ақпаратты халықаралық денсаулық сақтау органдарына тапсырды. 

Жалпы,бұл елде пандемия басталғалы төрт миллионнан астам адам вирус жұқтырған, оның 90,8 мыңнан астамы қайтыс болды.

Табиғат Нұрболат

Фото: hrw.org

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу