Франция аумағындағы бірнеше шаруашылықта құс тұмауы дертінің 52 дерегі тіркелді. Бұл туралы Франция денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме берген Le Figaro хабарлайды, деп жазып отыр 24Хабар.
H5N8 вирусы елдің Ланд, Тарн, Жер, Атлантикалық Пиреней, Жоғарғы Пиреней және Аверон департаменттерінде анықталды. Қауіпті вирус үй құстарына жыл құстарынан жұққан болып шықты.
Жалпы Еуропада құс тұмауының деректері 13 елде тіркелген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу