Францияда маймыл шешегінің жаңа штамы тіркелді

151

Бұл туралы жергілікті Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері мәлімдеген.

Францияда маймыл шешегінің жаңа штамы тіркелді Фото: canva.com

Францияда маймыл шешегінің жаңа штамын жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Науқас елдің батысындағы Бретань өңірінің тұрғыны болып шықты. Ол жуырда Орталық Африка елдеріне барып келіпті. Қазір осы оқиға бойынша тергеу амалдары басталды. Науқаспен байланыста болғандар анықталуда.

Айта кетейік, Clade Ib деп аталатын жаңа штамм алғаш рет жазда Кения аумағында тіркелген болатын. Күзде бұл вирус Ұлыбритания, Үндістан, АҚШ пен Германиядан табылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу