Франция кәсіподақтары Эммануэль Макронның зейнетақы реформасына қарсы ереуілдерін жалғастыруда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты France24 телеарнасына сілтеме жасап.
Сегіз жетекші кәсіподақ бастаған тұрғындар зейнет жасын 62-ден 64-ке көтерілгеніне наразылық білдіруде. Демонстранттар қолдарына плакат ұстап, әдеттегі маршрут бойынша Республика алаңынан Ұлт алаңына дейін жүріп өтті.
Кәсіподақтар егер билік шерушілердің талаптарын елемейтін болса, 7 наурызда "Францияны тоқтатуға" ниетті екендерін айтты.
Франция Ішкі істер министрлігінің есебіне сәйкес, ел бойынша шеруге 963 мың адам шықты. Оның 93 мыңы Париж көшелеріне шыққан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу