Францияда маска кию міндеттеледі

999

Ереже келесі аптадан бастап күшіне енеді.

Францияда маска кию міндеттеледі

Францияда қоғамдық орындарда маска кию міндеттелмек. Бұл туралы ел үкіметінің басшысы Жан Кастекс мәлім етті.

Осы күнге дейін тұрғындар бетпердені тек қоғамдық көліктерде таққан болатын. Сейсенбіде ел президенті Эммануэль Макрон коронавирус індетінің тағы да оралатынын айтып, 1 тамыздан бастап жабық қоғамдық орындарда маска кию режимін енгізу керектігін жариялаған еді. 

Кастекстің сөзінше, Макрон айтқан мерзім тым кештеу болуы мүмкін, сондықтан ереже шілденің 20-сынан бастап күшіне енеді. 

Соңғы мәлімет бойынша, Францияда коронавирус індетінен 30 мыңнан астам қаза тапқан. Жұқтырғандар саны 173 мыңнан асты.

Табиғат Нұрболат
Фото: euronews.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу