Францияда мигранттарға көмектескен шаруаға айыппұл салынды

903

Францияда мигранттарға көмектескен шаруаға айыппұл салынды

Мигранттарға көмектескені үшін француз фермері жауапқа тартылды, деп хабарлайды 24Хабар.

Зәйтүн өндіретін кәсіпкер Седрик Ерру Италия мен Францияның шекарасы арқылы 200-ге жуық адамды жүк көлігімен заңсыз түрде алып өткен.

Көмектескісі келгендіктен жолаушылардан ақша алмаған. Алайда ол Ницца қаласы сотының үкімімен 3 мың еуро айыппұл төлеуге міндеттеліп отыр. Фермердің бұл әрекеті қоғам назарын өзіне аударды. Оны қолдау үшін көптеген адам сот ғимаратына келді. Айта кетейік, 2015 жылдан бері Франция мен Италия шекарасы бақылауға алынған. Содан бері солтүстікке бағыт алған келімсектер оны заңсыз кесіп өткісі келеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу