Францияда наразылықтар қайта басталды

519

Франция көшелеріне зейнетақы реформасына қарсы кезекті наразылыққа ІІМ мәліметтері бойынша 740 мыңға жуық адам шықты. Кәсіподақтар екі миллион деген ақпарат береді. 

Францияда наразылықтар қайта басталды Фото: ГОРДОН

Парижде ондаған тәртіп бұзушы ұсталды. Премьер-министр Элизабет Борн келесі аптада кәсіподақ өкілдерімен кездесу өткізуді ұсынды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Бүкіл ел бойынша 13000 полиция қызметкері жұмылдырылды, тек Франция астанасында олардың саны 5000-нан асады, алайда оның жалпыұлттық наразылықты басуға еш көмегі болмай отыр.

Себебі наразылықтар өрісі кеңейді, енді шеруге қатысушылар зейнетақы жүйесін реформалау ғана емес, инфляция, өмір сүру құны, климаттық әрекетсіздік, жалпы  Эммануэль Макрон әкімшілігі қабылдаған шараларға қарсы тұрмақ.

Жалпы қаңтардан бері мұндай акцияларға барлығы миллионнан астам адам қатысты. Соған қарамастан, екі апта бұрын үкімет арнайы конституциялық құқықты пайдаланып, даулы заңды Парламенттің даусына салмай қабылдап жіберді. Оған сәйкес, азаматтар енді зейнетке бұрынғыдай 62-де емес, 64 жаста шығуы керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу