Францияның Гренобль қаласында өтетін мәнерлеп сырғанаудан Гран-при турнирінің соңғы кезеңі 19 шілдеде қаза тапқан Денис Теннге арналатын болады, деп хабарлайды 24.kz.
Францияның мәнерлеп сырғанау федерациясының атқарушы кеңесі осылайша Денис Тенге құрмет көрсетуді жоспарлап отыр.
"Денис Францияға танымал, халық оны мейірімділігі мен жайсаңдығы үшін жақсы көрді", - деп жазады FFSG-нің Қазақстанның коньки тебушілер ұлттық федерациясына жіберген ресми хатында.
Гран-при 22-25 қарашада өтеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу