Францияда өтетін жазғы Олимпиаданың уақыты белгіленді

537

Францияда өтетін жазғы Олимпиаданың уақыты белгіленді

Халықаралық Олимпиада комитеті 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарының өту уақытын бекітті. Бұл туралы арнайы баспасөз-мәслихатында ХОК президенті Томас Бах мәлімдеді, деп хабарлайды vesti.kz.
Францияның астанасындағы жазғы Олимпиада ойындары 2024-ші жылы, шілденің 26-ы мен тамыздың 11-і аралығында өтеді.
Былтыр қыркүйек айында ХОК тұңғыш рет өз тарихында екі жазғы Олимпиаданың өту орнын бір уақытта жариялаған болатын. Осылайша, 2024 жылы Олимпиада ойындары Парижде, ал 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу