Францияда Pfizer-BioNTech вакцинасын егуге рұқсат берілді

639

Препаратты жасы 16-дан асқан тұрғындарға егуге болады.

Францияда Pfizer-BioNTech вакцинасын егуге рұқсат берілді

Францияның денсаулық сақтау жөніндегі жоғарғы комитеті Pfizer мен BioNTech компаниялары бірлесе жасаған вакцинаны егуге рұқсат берді. Бұл туралы комитет өкілдері мәлім етті. 

"Еуропалық комиссия бұл вакцинаны мақұлдағаннан кейін, HAS та осындай шешім қабылдады. Бұл препаратты жасы 16-дан асқан тұрғындарға егуге болады", – деп жазылған ресми мәлімдемеде.

Жергілікті басылымдардың хабарлауынша, бұл елде індет өршігелі 2,5 млн адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Шамамен 62 адам дерттен қаза тапқан. Вирус жұқтырғандар саны бойынша Франциямен қатар АҚШ, Үндістан, Бразилия, Ресей елдері көш бастап тұр.

Табиғат Нұрболат

Фото: dw.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу