Францияда президент сайлауының басталуына санаулы күн қалды

808

Францияда президент сайлауының басталуына санаулы күн қалды

Францияда тәртіпсіздік толастамай тұр.  Алайда әлі ешбір үміткердің аты оза шауып, басым жұрттың ықыласына бөленген жоқ.

Парижде президенттіктен үміткер Марин Ле Пен мен Эммануэль Макрон жеке дара жиын өткізіп, көп алдында сөз сөйледі. Ле Пен жеңіске жетсе, елдің шекарасын шегендеуге уәде етті. Дәл осы сәтте сахнаға жүгіріп шыққан бойжеткен саясаткерге қарсы пікірін айтты.

Марин Ле Пен басқаратын "Ұлттық фронт" елге ағылған босқындар нөпірін азайтып, Еуропаның бірлестігіне қарсы саясат ұстанады. Ал бұған дейін экономика министрі болған Эммануэль Макрон елді жарқын болашаққа жеткізетін кандидат жалғыз өзі екенін мәлімдеді.

Айта кетейік, Франциядағы президент сайлауы 23 сәуірге жоспарланған. Егер сол күні үміткердің ешбірі 50%-дан артық дауыс жинамаса, 7 мамыр күні сайлаудың екінші кезеңі өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу