Жұма күні күдікті көрінген көлікке байланысты Францияның Мец қаласында рождество жәрмеңкесіне келгендер қауіпсіз жерге әкетілді. Бұл туралы France Info радиосы хабарлады, деп жазады ТАСС.
Оның айтуынша, күдікті автомобиль Республика алаңында көзге түсіпті. Көліктің ішінде газ баллоны болған. Көлік тұрған маңай қоршауға алынып, арнайы қызметтер келіп жетті.
Жергілікті билік көлік иесін тапты. Көлікті тексерген соң қауіптің беті сейілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу