Францияда шарап шығарушылар шығынға батты

563

Елде артық шараптың көлемі 3 миллион гектолитрден асып кеткен.

Францияда шарап шығарушылар шығынға батты Фото: SimpleWine

Францияда шарап жасаушылар сатылымның төмендеуіне байланысты шығынға батты. Республиканың ауыл шаруашылығы министрлігі мен Еуроодақ шарапты тиімді жоюды көздейтін фермерлерді қолдау бағдарламасына € 200 млн жібереді, деп жазады Inbusiness.kz.

Financial Times жазғандай, шарапты этанолға айдау керек, сосын оны өнеркәсіпте қолдануға болады, мысалы, парфюмерия немесе су-спирт қосылған гельдерді жасау үшін. Бұл француз шарап өндірушілерін қолдаудың кең бағдарламасының бір бөлігі ғана.

Мұндай қиындықтардың туындауына Франциядағы сатылымның төмендеуі, сыртқы нарықтардағы бәсекелестік ппе Қытайдағы сатылымның төмендеуі үлкен әсер еткен.

Financial Times француз билігі жүзімдіктерді кесу үшін өтемақы төлеу схемасын жасағанын жазады. Басылымның мәліметінше, бұған Бордодағы 1 мыңға жуық шарап жасаушы келісті, 9,2 мың гектар жүзімдіктер жойылады — бұл аймақтағы жалпы егін алқабының 8%-ы.

Ауыл шаруашылығы министрі Марк Фесноның айтуынша, республика Үкіметі "бағаның құлдырауын тоқтатуға және шарап жасаушыларға жаңа табыс көздерін табуға көмектесуге" тырысады, фермерлер "тұтынудағы өзгерістерге бейімделіп, өндірісті ертеңгі күннің талаптарына бейімдеуі керек".

Шарапшылар болжағандай, биыл шараптың профициті 3 млн гектолитрді құрайды, сұранысқа ие болмаған өнім көлемі 2022 жылы өндірілген жалпы өнімнің 7%-ын құрайды.

Халықаралық жүзім және шарап ұйымының (OIV) мәліметтері бойынша Франция шарап өндірісі бойынша Италиядан кейін әлемде екінші орында. 2022 жылы француз шарап өндірушілері 46,6 миллион гектолитр шарап шығарды. Ресей 4,7 миллион гектолитрмен 11 орында.

Шараптар мен спирттер Француз экспортының көшбасшысы болып қала береді. Француз шарап және алкоголь экспорттаушылар федерациясының деректеріне сенсек, өткен жылы экспорттық кіріс € 17,2 млрд — жылына 10% өсімді құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу