Францияда соңғы 76 жылдағы ең ауқымды орман өрті тіркелді

204

Францияның оңтүстігіндегі Уаза департаментінде бір тәулікте 16 000 гектар орман алқабы өртке оранды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Францияда соңғы 76 жылдағы ең ауқымды орман өрті тіркелді Фото: РИА Новости

Өрт болған өңірге Премьер-министр Франсуа Байрумен бірге барған Ішкі істер министрі Брюно Ретайо апаттың ауқымын растады.

– Бұл – 1949 жылдан бері Францияда тіркелген ең жойқын орман өрті, – деді министр.

Анықтама үшін: 1949 жылы Ланд-де-Гасконь тау массивінде болған өрт 50 000 гектар орманды жойып, 82 адамның өмірін қиған еді.

Қазіргі өртті сөндіруге 2150 өрт сөндіруші, 600 техника және арнайы Canadair мен Dash ұшақтары жұмылдырылған.

Премьер-министр Франсуа Байру бұл жағдайды – көрілмеген ауқымдағы апат – деп атап, қажет болған жағдайда Франция Еуроодақ елдерінен көмек сұрауы мүмкін екенін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу