Францияда үкіметтің жаңа құрамы бекіді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Министрлер кабинетінің құрамына президент Эмманюэль Макронның "Бәріміз бірге Республика үшін" атты центристер блогы мен "Республикалықтар" консервативті партиясының өкілдері кірген.
Макрон осы айдың басында 73 жастағы кәнігі саясаткер Мишель Барньені премьер-министр етіп тағайындаған еді. Le Figaro басылымы: "39 адамнан тұратын үкіметте жастар көп, саяси салмағы жағынан ауыр тұлғалар аз", деп жазды. Дегенмен, Қорғаныс, Сыртқы істер министрлері орнын сақтап қалды. Сарапшылар жаңа үкімет үшін 2025 жылдың бюджетін парламентке ұсыну, қабылдату алғашқы сынақтардың бірі болады деп топшылайды.