Францияда ұлттық ереуіл күні миллионнан астам адам көшеге шықты

469

Француз кәсіподақтары ұлттық ереуіл күні жаңа наразылық акциясын жариялады. Францияның көшелеріне миллионнан екі жарым миллионға дейін адам шыққаннан ел ішіндегі өмір тоқтап қалғандай. 

Францияда ұлттық ереуіл күні миллионнан астам адам көшеге шықты Фото: cdn.iz.ru

Демонстрациялар мен митингілер Үкімет ұсынған зейнетақы реформасына қарсы тұруға шыққан майдан - кәсіподақтардың шақыруы бойынша өтті, деп хабарлайды Inbusiness.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

Жаңа реформа зейнеткерлікке шығу жасын 62 жастан 64 жасқа дейін арттыруды көздейді. Соған қарсы ең ірі акция Парижде өтті.

"Бүгінгі жұмылдыру жаппай қарсылықты көрсетеді. Менің ойымша, халықтың 80%-ы бұл реформаға қарсы, әсіресе жастар. Сондықтан қазіргі жұмылдыру - еліміздің азаматтарының ұстанымынының айнадайын көрінісі", - деді CGT кәсіподақ басшысы Филипп Мартинес.

Франция азаматтарының наразылығының жаңғырығы бесінші республиканың басшысы Эммануэль Макрон келген Барселонаға дейін жетті. Ол франко-испан саммитіне қатысты. Испания премьер-министрі Педро Санчеспен бірлескен баспасөз мәслихаты кезінде Макрон зейнетақы реформасы жобасын таныстырды.

"Бұл реформа демократиялық жолмен ұсынылған. Әділ әрі жауапты реформа", - деді Макрон.

Ол наразылық акциялары шектен шықпай өтеді деген үмітін білдірді. Алайда наразылық білдірушілер мен полиция қақтығысынсыз болмады.  Тәртіпсіздіктер көбәне Парижде байқалды, онда ереуілшілер велосипедтер мен аялдамаларды өртеп жіберді. Полиция көпшілікті тарату үшін Көзден жас ағызатын газды қолданды.

Реформа жобасына қарсы келесі Ұлттық наразылық күні 31 қаңтарға жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу