Францияда үшінші мәрте локдаун жариялануы мүмкін

624

Науқастардың 7-9%-ы Оңтүстік Африка Республикасы мен Британияда табылған штамды жұқтырған.

Францияда үшінші мәрте локдаун жариялануы мүмкін Фото: ria.ru

Францияда үшінші мәрте локдаун жариялануы мүмкін. Елдегі ғылыми кеңестің басшысы Жан-Франсуа Дельфресси осындай болжам жасады. 

Иммунология маманының айтуынша, Оңтүстік Африка Республикасында, Британияда, Бразилияда және АҚШ-тың Калифорния штатында анықталған коронавирус штамдары соңғы үш аптада эпидемиологиялық жағдайды түбейгейлі өзгертіп жібірген. Ол оңтүстікафрикалық және британиялық штамдардың Францияда тез таралып жатқанын, науқастардың 7-9%-ы осы вирусты жұқтырғанын мәлім етті. 

Сондай-ақ ол тұрғындардың небәрі 14%-ы ғана жазға дейін вакцинамен қамтамасыз етілетін, халықтың барлығы екпе егіп үлгермейтінін айтты. 
Соңғы мәлімет бойынша, Францияда осы күнге дейін үш миллионнан астам вирус жұқтырған. Оның 72,9 мыңға жуығы қайтыс болды. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу