"Вагнер" жекеменшік әскери компаниясы Францияда террористік ұйым деп танылды

578

"Вагнер" ЖӘК-тің Украинадағы әрекеттері әскери қылмыс ретінде танылуы мүмкін.  

"Вагнер" жекеменшік әскери компаниясы Францияда террористік ұйым деп танылды  Фото: Glavnoe.ua

Франция Ұлттық жиналысының депутаттары "Вагнер" ЖӘК-ті террористік ұйымдардың еуропалық тізіміне енгізуге дауыс берді, деп жазады inbusiness.kz.

Халықаралық Француз радиосы хабарлағандай, қарар жобасының авторы, "Қайта өрлеу" президенттік фракциясының депутаты және "Франция-Украина" парламенттік тобының төрағасы Бенжамен Аддад дауыс беру басталар алдында мұндай сәтте Еуропа өзінің саяси ұстанымын білдіру керек екенін мәлімдеді: "Вагнер" әскери компаниясы және оның қызметі (...) - терроризм деп танылуы тиіс".

Қарарда неміс барлау агенттіктерінің материалдарына сілтеме жасалған, оған сәйкес әскерилендірілген топ "Бучадағы бейбіт тұрғындарды өлтіруге және азаптауға қатысқан". Қарарда "Вагнер" ЖӘК-тің Украинадағы әрекеттері әскери қылмыс ретінде анықталуы мүмкін екендігі баса айтылған.

Француз депутаттары қабылдаған құжатта Ресейдің жалдамалы ұйымының Сирия мен басқа да бірқатар Африка елдерінің, соның ішінде Мали мен ОАР тұрғындарының қырғынындағы да аталып өтілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу