Францияда XIII ғасырда тұрғызылған тарихи ғимарат өртенді

1787

Франция символына айналған Нотр-Дам шіркеуін көруге әлемнің түкпір-түкпірінен жылына шамамен 13 миллионға жуық турист жиналатын.

Францияда XIII ғасырда тұрғызылған тарихи ғимарат өртенді

Париждегі әйгілі Нотр-Дам шіркеуі өртенді. Өрт сөндірушілерге тілсіз жаудың бетін қайтару оңайға соқпады. Олар қызыл жалынмен түні бойы арпалысты.

Құдай ана шіркеуіндегі төтенше жағдайға Франция президенті Эммануэль Макрон да келді.

Рейтерс агенттігінің хабарлауынша, өрт жергілікті уақыт бойынша сағат 18:50-де басталған. Ол жерде жөндеу жұмстары жүргізіліп жатқан болатын.

Барлық адамдар қауіпсіз жерге көшірілді. Зардап шеккен ешкім жоқ.

Ал Франция ішкі істер министрлігі болса Нотр-Дам шіркеуін аман алып қала алмауымыз да мүмкін деген ақпарат таратты.

Айта кетейік XIII ғасырда салынған Құдай ана шіркеуі 1991 жылы ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енген болатын. Өкінішке орай, кеше кешкісін тұтанған алапат өрт ғимараттың бас күмбезі мен шатырын күлге айналдырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу