Францияда зейнетақы реформасына қарсы наразылық толқыны басылмады

619

Наразылық акциялары бірден Францияның бірнеше қаласында өтті, Парижде кем дегенде 40 шеруге қатысушы қамауға алынды. 

Францияда зейнетақы реформасына қарсы наразылық толқыны басылмады Фото: static.dw.com

Францияның бірнеше қаласында қабылданған зейнетақы реформасына қарсы жаппай наразылық акциялары қайта өтті. Парижде 46 адам қамауға алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz француз БАҚ-қа сілтеме жасап.

Наразылық білдірушілер полицейлерге отшашулар лақтырып, қоқыс жәшіктері мен мотороллерлерді өртеп жіберді. Өз кезегінде полиция наразылық білдірушілерге қарсы көзден жас ағызатын газ қолданды. Le Parisien газетінің хабарлауынша, шерулер Лилль, Гренобль, Ренн, Нант пен Ле-Манеде өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу