Францияда зейнетақы реформасына наразылар шеруі өршіп барады

380

Париж көшелерінде ереуіл соңы полициямен қақтығысқа ұласты.

Францияда зейнетақы реформасына наразылар шеруі өршіп барады Фото: lenta.ru

Наразылық танытқандардың саны бұл жолы жарты миллионнан асып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ашуға ерік бергендер Олимпиада ойындарының штаб-пәтеріне басып кірмек болған. Осылайша, француздар халықаралық мамандардың назарын өзіне аударғысы келген. Халық мемлекеттік зейнетақы бағдарламасына қарсы. 

Мұндай шаралар елде сәуірден бері тыйылмай келеді. Франция бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 11 мың полицей жұмылдырылған, соның ішінде Парижде 4 мың тәртіп сақшысы халықты таратуға кірісті.

Тұрғындардың жаппай бас көтеруіне зейнетақы мәселесі түрткі болып отыр. Сондай-ақ тұрғындар президенттің жалпы басқару саясатын сынға алып, халықтың әлеуметтік жағдайы нашарлап кетті деп дабыл қағып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу