Францияда жаңа жыл түні өртенген және зардап шеккен автокөлік саны 945-ке жетті, деп хабарлайды 24.kz арнасы жергілікті Parisien басылымына сілтеме жасап.
Бұдан бұрын 800 көліктің зардап шеккені туралы хабарланған еді. Франция ІІМ өкілі Пьер-Анри Бранденің хабарлауынша, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 17,5 %-ға көп.
Сондай-ақ елдің ішкі істер министрі Бернар Казнев жаңа жыл түні полицейлердің 622 адамды ұстағанын хабарлаған болатын. Оның 368-і қазіргі уақытта тұтқында отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу