Францияда жандарм Олланд сөз сөйлеп жатқан кезде абайсызда оқ атты

867

Францияда жандарм Олланд сөз сөйлеп жатқан кезде абайсызда оқ атты

Франция президенті Франсуа Олланд Шаранта департаментінде сөз сөйлеп тұрған кезде қауіпсіздікті қамтамасыз еткен француз жандармы оқ атып, екі адам жарақат алып қалды, деп хабарлайды жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасаған "Интерфакс".

Олланд Тур-Бордода жоғары жылдамдықты теміржол желісінің ашылуына қатысқан. Шараға бірнеше жүздеген адам қатысқан.  Белгілі болғандай, оқ атқан адам француз президенті тұрған орыннан шамамен 100 метрдей қашықтықтағы ғимарат төбесіне орныққан жандармерияның мергені болып шықты. Жергілікті билік оқиға абайсызда болғанын, оның еш арам ойы болмағанын айтып сендерді.

Оқиға салдарынан екі адам зардап шекті. Оқ біреуінің - табанына, екіншісінің аяғына тиген.Француздың ақпарат құралдары оқтың қандай қару түрінен атылғаны туралы ақпарат таратқан жоқ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу