Францияда жаппай тәртіпсіздік кезінде 700-ге жуық тұрғын тұтқындалды

527

Олар 17 жастағы жасөспірімді полиция атқаны үшін наразы. 

Францияда жаппай тәртіпсіздік кезінде 700-ге жуық тұрғын тұтқындалды Фото: РБК

Францияда 3-ші тәулікке жалғасқан тәртіпсіздік салдарынан олимпиадалық бассейн өртеніп кетті. Наразылыққа қатысқаны үшін 667 тұрғын тұтқындалды. 

Нысанның бүкіл құрылыс алаңын қара түтін басты. Ашуға булыққан халық елдегі әкімшілік, полиция ғимараттарын өртеп жатыр. Құқық қорғау органдарының 200-ге жуық қызметкері жарақат алды. Ырыққа бағынбай кеткен соң, полиция көзден жас ағызатын газ бен су атқыштарды қолдануда. 

Еске салайық, халықтың ашуын тудырған - 17 жасар жасөспірімнің өлімі. Полиция талапқа бағынбағаны үшін рөлде отырған бозбалаға оқ атқан. Ал наразылыққа шыққандар полицияны жазалауды талап етіп отыр. 

Ел президенті Эммануэль Макрон бүгін жедел дағдарыс штабының отырысын өткізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу