Францияда жарылыстан жараланғандар саны 50-ге жетті

490

Алты адам ауыр халде жатыр.

Францияда жарылыстан жараланғандар саны 50-ге жетті  Фото: bbc.com

Париждегі жарылыстан зардап шеккендер саны 50-ге жетті. Бұл жергілікті прокуратураның келтірген деректері, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Алты адам ауыр халде жатыр.

Оқыс оқиға шаһар орталығындағы Париж америкалық академиясында болған. Жарылыстан кешеннің қабырғалары қирап қалды. Алдын ала болжам бойынша газ балоны жарылған. Қазір жүзге жуық адам үйлеріне қайта алмай отыр. Себебі қатты дүмпуден бірнеше тұрғын үй де қирап қалған.

Оқиға орнында іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі берген мәліметке сай, зардап шеккендердің ішінде қазақстандықтар жоқ.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу