Францияда жасанды фуа-гра жасалды

694

Маусым айының соңында Израильдің Реховот қаласында елдегі алғашқы жасанды ет өсіретін кәсіпорын ашылған еді.

Францияда жасанды фуа-гра жасалды

Францияның Gourmey компаниясы зертханада өсірілетін фуа-гра өндірісін бастады, деп хабарлайды Inbusiness.kz Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап. 

Жасанды фуа-гра жасау үшін ұрықтандырылған үйрек жұмыртқасының бағаналы жасушалары түтікке салынады. Мұндай технология жасанды ет өндірісі кезінде қолданылады. 

"Фуа-гра экзистенциалды дағдарысты бастан кешуде. Біз бұл тағамды бұдан да дәмді етіп дайындаймыз", – деді компанияның негізін қалаған Николас Морин-Орман. Оның айтуынша, қазір жасанды фуа-граның бағасы қымбат болғанымен, алдағы айларда өндіріс шығыны 40 есе азаймақ.

Компанияға қазірдің өзінде 10 миллион доллар инвестицияланды. Болашақта жасанды күркетауық пен наггеттер шығару жоспарлануда.

Маусым айының соңында Израильдің Реховот қаласында елдегі алғашқы жасанды ет өсіретін кәсіпорын ашылған еді. Ол күніне шамамен 500 кг ет, соның ішінде тауық еті, шошқа еті және қой етін шығарады. Инвесторлар стартапқа 43 миллион доллар құйған.

Табиғат Нұрболат

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу